412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда 12 бағыт бойынша автобус бағдары өзгерді

  • 430
  • UPD: 10:14, 01.06.2020
Нұр-Сұлтанда 12 бағыт бойынша автобус бағдары өзгерді

Елордада 12 бағыт бойынша қоғамдық көліктер қозғалысы өзгерді. Бұл жөнінде салаға жауапты оператор әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

Жаңа кестемен сол жерден танысуға болады. Басты себеп қаланың бірнеше бөлігінде жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстары. Әсіресе Қонаев, Достық, Бөгенбай батыр және Аль-Фараби көшелерінде қазірдің өзінде қозғалыс шектелген.

Айта кетейік, бүгіннен бастап қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын автобустар да жолға шығады. Олар таңғы 6-дан бастап кешкі 10-ға дейін қызмет көрсетеді. Қалыптасқан жағдайға байланысты жүргізушілер мен жолаушылар барлық санитарлық талапты сақтауға міндетті.

Хабар 24 телеарнасы