418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавируспен ауырғандардың иммунитеті бірден қалыпқа келмеуі мүмкін

  • 218
  • UPD: 12:26, 10.07.2020
Коронавируспен ауырғандардың иммунитеті бірден қалыпқа келмеуі мүмкін

Ғалымдар COVID-19-бен ауырған адамдардың иммундық жүйесінің ұзақ мерзім бойы қалыпқа келмейтінін анықтады.

Бұл туралы Қытайдың Ухань қаласының вирусология институтының ғалымдарының зерттеулерінде көрсетілген.

Зерттеушілер COVID-19-бен ауырып шыққан әртүрлі жастағы 55 пациенттің денсаулық жағдайын зерттеді. Оларда иммунитетке жауап беретін қан жасушалары лимфоциттер деңгейі төмендеген.

Лимфоциттер коронавирустан жазылған соң 11 аптадан кейін де қалпына келмеген. Мақала авторларының пікірінше, бұл SARS-CoV-2 вирусының қан жасушаларына және иммунитеттің бұзылуына қатты әсер ететінін көрсетеді.

Гарвард университетінің профессоры Тобиас Курт коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарда оның зардабы ұзаққа созылатыннын хабарлады.

«Біз бұл вирустың бірден бірнеше ағзаның жұмысына зиян тигізетінін білеміз, бірақ әзірге оның салдары созылмалы ма, әлде уақыт өте кете ме, ол туралы нақты айта алмаймыз», - деп түсіндірді ғалым.

Хабар 24 телеарнасы