418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада iQala қызметтерін жаңа мекенжай бойынша алуға болады

  • 219
  • UPD: 16:25, 10.07.2020
Елордада iQala қызметтерін жаңа мекенжай бойынша алуға болады

IQala орталығының қызметтерін енді «Астанаэнергосбыт» ЖШС жаңа кеңселерінен алуға болады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Орталықтың міндеті «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет алу үдерісін барынша жеңілдету. Қала тұрғындарына құжаттарға мөр бастыру үшін көптеген мекемеге жүгірудің қажеті жоқ. Ол үшін Iqala орталығының Қошқарбаев даңғылы 29 немесе көрсетілген мекенжайлардағы фронт-кеңселерге жүгіну жеткілікті», – делінген хабарламада.

iQala – «бір терезе» қағидаты бойынша әкімдік басқармаларының, коммуналдық және муниципалдық қызметтердің, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттарының қызметтерін біріктіретін тұрғындар мен қала билігінің өзара іс-қимылының жаңа форматы.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның фронт-кеңселері Бөгенбай батыр к-сі, 24/1, Сығанақ көшесі, 25 («Аңсар» БО) мекенжайында орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы