429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 406
  • UPD: 16:43, 23.07.2020
Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды Mail.KZ

Күндіз 24 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, оңтүстікте өте жоғары өрт қауіпі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ақтөбе қ.: күндіз 24 шілдеде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с күтіледі.

***

24 шілдеде күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус сақталады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 24 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с жетеді.

Жезқазған қ.: 24 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз 15-20 м/с жетеді.

***

24 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 24 шілдеде таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қ.: 24 шілдеде түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

***

Күндіз 24, тәулік бойы 25 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 24-25 шілдеде кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 24 шілдеде шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 25 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: күндіз 24, түнде 25 шілдеде найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз 24, тәулік бойы 25 шілдеде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

***

24 шілдеде түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз оңтүстікте 40 градус қатты ыстық, басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

***

24 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қ.: 24 шілдеде найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

***

24 шілдеде Ақмола облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қ.: 24 шілдеде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қ.: 24 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы