426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сегіз облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 316
  • UPD: 20:46, 25.07.2020
Сегіз облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Сегіз облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

26 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с жетуі мүмкін.

26 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26 шілдеде Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Ертең түнде және таңертең Нұр-Сұлтан қаласында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, тұман түсуі мүмкін.

26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26 шілдеде таңертең және күндіз, 27 шілдеде тәулік бойы Жамбыл облысының кей жерлерінде күркіреп, найзағай ойнады, дауыл соңы ықтимал.

26, 28 шілдеде күндіз солтүстік-шығыс, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз, 27 шілдеде түнде Таразда кей уақытта найзағай ойнайды.

26-27 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерде найзағай жарқылдайды, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

26 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн кұркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

26 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Хабар 24 телеарнасы