420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Ақан сері және 189 көшелеріндегі көлік қозғалысы қыркүйекке дейін жабық болады

  • 148
  • UPD: 12:48, 19.08.2020
Елордада Ақан сері және 189 көшелеріндегі көлік қозғалысы қыркүйекке дейін жабық болады

Елордадағы 189-шы көшеде (Сейфуллин) Ш.Бейсекова көшесінен Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Осыған байланысты Ақан сері (Орынбор) және 189 (Сейфуллин) көшелеріндегі көлік қозғалысы толығымен жабылды.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жұмыс мерзімі 1 қыркүйекке дейін ұзартылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек», – деп хабарлады көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Хабар 24 телеарнасы