421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның алты өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 283
  • UPD: 10:27, 29.08.2020
Қазақстанның алты өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

30, 31 тамыз күндері Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі. 31 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады.

29-30 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

29 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

29 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

29 тамызда күндіз Атырау облысының батысында найзағай, шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай, дауыл болжанады. Күндіз жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Хабар 24 телеарнасы