420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді

  • 385
  • UPD: 21:52, 02.09.2020
Елордада Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді

Түркістан облысынан елордаға ауылшаруашылық өнімін тиеген жүк көліктері жолға шықты. Өңір шаруалары алдағы сенбі-жексенбі күндері «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы аумағында азық-түлік жәрмеңкесін өткізеді.

Жәрмеңкеге 447 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жөнелтілді. 34 жүк көлігіне 267 тонна көкөніс, 29 тонна жеміс-жидек, 72 тонна ет, 47 тонна сүт өнімдері, 10 тонна балық, 6 тонна бал, 14 тонна жеміс шырыны мен консерві өнімдері тиелді. Бұл тауарлар елордалықтарға нарықтағы бағадан 15-20 процент төмен сатылады. Мәселен, сиыр етінің келісі 1700-1800 теңге, қауын-қарбыз 75-100 теңге көлеміне болса, көкөніс өнімдерінің бағасы 100-150 теңге болып бекітілді.

Нұрбол Бекмұратов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

 -Республикада облыстарың арасында алғашқы болып Түркістан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді. Табиғи климаттық ерекшеліктерге байланысты ерте пісетін картоп, бақша дақылдары жиналып жатыр. Жылыжайлардан да қазір 100 мың тонна өнім жиналды. Оның 62 мың тоннасы қызанақ, 38 мың тоннасы қияр өнімі. Сол шаруалардан жиналған өнімнен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын дәм ауыз тигізу үшін жәрмеңкеге жолға шығып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы