420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кімдер ала алады

  • 339
  • UPD: 14:51, 03.09.2020
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кімдер ала алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты пайдалану мүмкіндігі туралы толық түсіндіріп берді.

Айтуынша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мынадай жайдайларда пайдалану мүмкіндігі бар: тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге және қаржылық компанияларға басқару үшін аударуға.

Кімдер қандай жағдайда зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады?

Біріншіден, ол жұмыс істеген немесе жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни, бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар. Егер олардың жиналған соммасы жеткілікті шектен асып жатса, осы мүмкіндікті пайдалана алады.  

«Президентіміз айтқандай, мақсат оның бәрін таратып беру емес, сондықтан бір бөлігі, қажетті бөлігі қалуы тиіс. Одан асқан ақшаны азаматтар өз еркімен аталған мақсаттарда шексіз пайдалануға мүмкіндігі бар. Мұндай азаматтардың саны болжам бойынша 530 мың адамды құрайды», - деді министр.

Екіншісі – зейнет жасына жеткен кісілер. Егер олардың жинақтаушы қорында қаражаты бар болса, сол қаражаттың 50 процентіне дейін ала алады. Мұндай кісілердің саны 178 мыңнан асады. Оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлері де бар.

«Бұл жерде бір ғана шарт болады: зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен алып отырған зейнетақысы, жинақтаушы қордан алып отырған зейнетақысын бәрін қосқан кезде оның зейнетке шыққан кезде табысының кемінде 40 процентінен төмен болмауы керек. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 63 процентке дейін жетіп отыр», - деді.

Үшіншісі – зейнетақылық аннуитетті реттеген азаматтар. Егер сақтандыру қорына аударғаннан кейін олардың жинақтаушы зейнетақы қорында қаражаттары қалса, оларды толығымен алуға болады. Елімізде мұндай 13 мың 300 азамат бар.

Барлығы 721 мың қазақстандық осы мүмкіндікті пайдалана алады.

Сонымен қатар аталған мақсаттарда азамат зейнетақы жинағының бір бөлігін өзі үшін, жұбайы үшін, жақын туыстары үшін пайдалана алатынын айтып өтті. Заңнама бойынша жақын туыстарына атасы, әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, бауырлары жатады.

Біржан Нұрымбетов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Кімдер, қандай жағдайда жинағының бір бөлігін ала алады? Біріншіден, ол жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни Бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар. Егер де олардың соммасы жеткілікті шегінен асып жатса. Мұндай азаматтар саны болжам бойынша 530 мың адамды құрайды. Екіншісі – зейнет жасына жеткендер. Егер олардың жинақтаушы қорында қаражаттары бар болса, ол кісілер қаражаттың 50 процентіне дейін ала алады. Мұндай кісілердің саны 178 мыңнан асады, оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне де тарайтын болады.

Еске салсақ, Президент Жолдауында 2021 жылы зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін алуға болатыны туралы айтқан болатын.

Зейнетақы қорындағы қаржыны алу: министр әр жастағы азаматтарға жеке тоқталды

Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: министр түсіндіріп берді

Хабар 24 телеарнасы