426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


D дәруменінің жетіспеуі COVID-19 жұқтыру қаупін арттырады – ғалымдар

  • 213
  • UPD: 16:23, 07.09.2020
D дәруменінің жетіспеуі COVID-19 жұқтыру қаупін арттырады – ғалымдар

Чикаго университетінің ғалымдары Д дәруменінің жетіспеушілігі мен COVID-19 арасындағы байланысты анықтады.

Зерттеуге 489 ерікті қатысты. Олардың кейбірі Д дәруменінің жетіспеушілігінен зардап шеккен. Ғалымдар, осылайша, аталған дәрумен жетіспейтін адамдарда COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары екенін анықтады.

Адам ағзасында Д дәрумені күн сәулесінің әсерінен синтезделеді. Оның қызметі басқа пайдалы элементтердің қалыпты сіңуін қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ бұл дәрумен астың дұрыс қорытылуына жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы