420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауа райы: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

  • 205
  • UPD: 17:17, 09.09.2020
Ауа райы: бірқатар өңірде ескерту жарияланды qasym.kz

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Қызылорда облысы

10 қыркүйекте түнде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

10 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қ.: 10 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең 10 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 үсік күтіледі.

Жамбыл облысы

11, 12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауда найзағай күтіледі. 10-12 қыркүйекте кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан қ: 10 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде 10 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: 10 қыркүйек түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с.

Қарағанды облысы

Күндіз 10, тәулік бойы 11 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 күтіледі. Түнде 11 қыркүйекте кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

Хабар 24 телеарнасы