427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 256
  • UPD: 14:03, 20.09.2020
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды фото: newsomsk.ru

Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Болжам бойынша 20 қыркүйек күні күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Кей жерлерде оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Жезқазғанда 20 қыркүйек күні күндізнайзағай ойнап, оңтүстік, онтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге, күндіз 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Петропавлда 20 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болады.

Көкшетауда күндізоңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтмалдылығы 85-90%.

Хабар 24 телеарнасы