429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан қорғанудың әдісі дәлелденді

  • 274
  • UPD: 16:40, 08.10.2020
Коронавирустан қорғанудың әдісі дәлелденді

Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің ғалымдары Д дәрумені коронавирус жұқтырудан қорғайтынын дәлелдеді.

Бұл туралы medRxiv басылымында жарияланған мақалада айтылған.

Зерттеушілер SARS-CoV-2 антиденелері мен D дәруменінің бар-жоғын анықтау үшін 392 медицина қызметкерінің қан сынамаларын талдады. Олардың 55 процентінде коронавирус антиденелері болған, ал 61 процентінде Д дәрумені тапшы болып шықты.

Сондай-ақ ағзасында Д дәрумені жетіспеушілігі бар адамдар ауырсыну, дененің ауыруы немесе дене қызуы сияқты белгілер туралы жиі айтқан. Бұдан Д дәруменінің жетіспеушілігі вирусқа деген бейімділікті арттыратынын көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы