423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Археологтар еріген мұздықтардан ежелгі артефактілерді тапты

  • 596
Археологтар еріген мұздықтардан ежелгі артефактілерді тапты

Альпі тауларында мұздықтар белсенді түрде еріп жатқандықтан, археологтар тобы бұл жерлерде ежелгі артефактілерді табуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Daily Mail.

Зерттеушілер шамамен алты мың жылдық тарихы бар өсімдік талшықтарынан жасалған жіп, ағаш мүсіншесін, б.з.д. ІІІ мыңжылдыққа арналған аяқ киім, сонымен қатар басқа да қазыналарды тапты. Барлық зат жақсы күйде сақталған, өйткені мұз оларды шіріп кетуден қорғаған.

Ғалымдар климаттың өзгеруі қоршаған ортаға қандай зиянды әсер ететінін дәлелдеген. Алайда олар бұл процестің оң тұсын да тапты: еріген мұздықтар сарапшыларға мыңдаған жылдар бұрын тауларда тұратын адамдардың өмірі туралы түсініктерін едәуір кеңейтуге, оларды жақырынақ зерттеуге мүмкіндік берді. Соның арқасында ғылымда тіпті «мұздық археологиясы» деп аталатын жаңа зерттеу саласы пайда болды.


Хабар 24 телеарнасы