424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемия кезінде ұшақтағы ең қауіпті жер анықталды

  • 167
  • UPD: 15:24, 23.10.2020
Пандемия кезінде ұшақтағы ең қауіпті жер анықталды

Ұшақтағы орындықтардың беткі қабаты коронавирус жұқтыру ықтималдығы бойынша ұшақтағы ең қауіпті жер болып табылады.

Бұл туралы сарапшы Мартин Линдсторм айтты, деп жазды Daily Express.

Оның айтуынша, жолаушылардың барлығы дерлік орындықтардың жоғарғы жағына бастарын тигізіп отырады.

Линдсторм ұшаққа мінгенде орындықты бактерияға қарсы дымқыл майлықтармен дезинфекциялауға кеңес берді. Сондай-ақ білек қоятын жерге, қауіпсіздік белбеуіне және интерактивті экрандарға да ерекше назар аудару қажет екендігін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы