422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады

  • 127
  • UPD: 15:13, 13.11.2020
Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады

Қазақстандықтар желтоқсан айында мереке мен демалыс күндерін қосқанда 11 күн демалады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай қазақстандықтар аптаның сейсенбісінде демалады. Сонымен қатар Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда ресми түрде аталып өтіледі. Осы екі күндік демалысқа 18 желтоқсан қосылып, қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан аралығында төрт күн демалады.

18 желтоқсан демалыс болғандықтан, 20 желтоқсан жексенбіге сай келсе де жұмыс күні болып бекітілген. Осылайша, қазақстандықтар жылдың соңғы айында 11 күн демалады.

Хабар 24 телеарнасы