476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Желтоқсанда ең сирек кездесетін астрономиялық құбылыс болады

  • 901
  • UPD: 11:49, 23.11.2020
Желтоқсанда ең сирек кездесетін астрономиялық құбылыс болады

Райс университетінің ғалымдары 21 желтоқсанда күн батқаннан кейін Юпитер мен Сатурн планеталары бір-біріне өте тығыз арақашықтықта жақындайды деп болжап отыр.

Мұндай құбылыс орта ғасырлардан бері болмаған, деп хабарлады phys.org.

Райс университетінің астрономы екі планетаның бір-біріне жақындауы өте сирек, шамамен 20 жылда бір рет болатынын айтып өтті.

Ауа-райы қолайлы болса, бұл құбылысты Жердің кез келген аймағынан байқауға болады. Дегенмен ғалым құбылыстың экватор маңында жақсы көрінетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы