430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында жол қозғалысы шектелді

  • 150
  • UPD: 17:27, 02.12.2020
Маңғыстау облысында жол қозғалысы шектелді

Маңғыстау облысында күн райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды. Соңғы 2-3 күнде қар аралас жаңбыр жауып, жолға мұз қатқан.

Осыған орай патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Республикалық маңызы бар «Ақтау-Құрық», «Ақтау-Жетібай», «Жетібай-Жаңаөзен», «Жетібай-Шетпе» және Форт-Шевченкоға дейінгі тас жолдардағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойды. Синоптиктер бүгін де Маңғыстауда қар аралас жаңбыр жауатынын хабарлады. Жол сақшылары жүргізушілерге мүмкіндігінше жолға шықпауды, шыққан жағдайда сақ болуды, қауіпті маневр жасамауды, қысқы кезеңде тозған және жазғы резеңкемен жүрмеуін сұрауда. Автожолдардың қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Қазір жол күтіміне жауапты коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері екі кезеңмен тәулік бойы жұмыс істеуде. Соңғы екі күн ішінде облыстағы қауіпті аймақтарға 600 тонна тұз бен құм қоспасы себілген.

Хабар 24 телеарнасы