Қазгидромет мамандарының болжамынша, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай өңірлерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Түркістан мен Жамбыл облыстарында тұманды ауа райы сақталады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды мен Ақмола аймағында жел күшейіп, екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін дейді синоптиктер.