429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сырғанақта абай болыңыз!

  • 210
Сырғанақта абай болыңыз!

Елордада арнайы жабдықталған 30 сырғанау алаңы және 16 мұз айдыны бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардағы қауіпсіздікті волонтерлер бақылайды. Ал қалған сырғанақтар рұқсат етілмеген жерде пайда болған. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы мәлімдеді. Оның айтуынша, кейде коммуналдық қызмет өкілдері қарды жинап, шығарамын дегенше балалар сырғанақ алаңына айналдырады. Мұндай жағдай жол жиегінде немесе көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында жиі байқалады. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларын сырғанауға жібергенде мұқият болуғы шақырады. Өзен-көлдің үстіне ойнайтындар немесе балық аулайтындар да қауіпсіздікті қатаң сақтауы шарт.

Бауыржан Бейсенқанов, қалалық төтенше жаңдайлар департаменті басқармасының басшысы:

– Жұқа және қатпаған мұз учаскелеріне шығуға болмайды. Мұздың жекелеген учаскелерінде топтармен жүруге болмайды. Автомобиль өткелдерінен тыс жерге шығуға болмайды. Мұздың үстінде балық аулап отырған адамдардың үстінде міндетті түрде құтқару жилеттері болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы