423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мүгедектерді қызметтермен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды онлайн рәсімдеуге болады

  • 162
  • UPD: 09:46, 30.12.2020
Мүгедектерді қызметтермен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды онлайн рәсімдеуге болады

29 желтоқсаннан бастап «Электрондық үкімет» порталында мүгедектігі бар адамдарға арналған бірқатар қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарын ұсыну бойынша құжаттарды рәсімдеуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды.

Бұл қызметтерді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 4 наурыздағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жұмыс барысында іске асырды.

Осылайша, енді eGov порталында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мына мемлекеттік қызметтерін алуға өтінім беруге болады:

есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу (жылына 60 сағат);

жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

мүгедектігі бар адамдарды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;

мүгедектігі бар адамдарды сурдо-тифлотехникалық құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;

мүгедектігі бар адамдарға кресло-арбалар беру үшін құжаттарды рәсімдеу;

мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу.

Мүгедектігі бар адамдар үйден шықпай-ақ eGov порталы арқылы жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді алуға өтінім бере алады және одан әрі әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өздеріне тиесілі оңалтудың техникалық құралдарын, көрсетілетін қызметтерді берушіні өз қажеттіліктерін ескере отырып таңдай алады, сондай-ақ тауарды жеткізу түрін (өзі алып кету немесе поштамен жеткізу) көрсете алады және оңалтудың жеке бағдарламасы толық орындалғанға дейін өз өтінімінің мәртебесін қадағалай алады.

Енді қызмет алушыларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар қызметіне келудің және құжаттарды қағаз түрінде ұсынудың қажеті жоқ.

Ақпарат көзі: ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы