378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде құс азығы жетіспейді

  • 437
  • UPD: 09:53, 05.03.2019

Елімізде бизнес саласындағы заң бұзушылықты алдын ала бақылау институты енгізілді.

Ол арқылы кәсіпкерді жазалау көзделмейді. Керісінше, олқылыққа жол берген бизнес өкіліне заң бұзушылықты жоюға арнайы уақыт беріледі. Мүмкіндікті пайдалана алмаса, мемлекеттік орган жоспардан тыс тексеріс жүргізуге құқылы.

Отандастарымыз тұтынатын өнімдердің 8 пайызы ғана Қазақстанда жасалған. Жеңіл өнеркәсіпке көңіл бөлініп келеді. Бірақ нәтиже айтарлықтай емес. Өткен жылы 8 жаңа кәсіпорын бой көтерген. Айта кетерлігі, өткен 90 млрд теңгеден аса өнім шығарылды. Биыл Түркістан, Алматы облыстары және Шымкент қаласында тағы үш жоба іске қосылмақ. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы отандық дизайнерлердің масс-маркетке шығуына қолдау көрсететін болды. Өнімдердің 38 пайызы киім-кешек. Бірақ ол киімдердің бағасы қарапайым тұтынушыға қолжетімсіз. Ал жоспарлы қадам жүзеге асса, қазақстандықтар отандық киім үлгілерін киіп жүретін болады.

Қазақстандық құс өсірушілер дабыл қағуда. Елімізде құс азығы тапшы. Одақ президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, субсидиялау үрдісі жолға қойылмай отыр. Нарықта жем сатылмайды. Былтыр ғана 40-42 теңгеге бағаланған 4-5 санаттағы астық құны екі есе қымбаттаған. Келісі – 80 теңге. Енді одақтың бар үміті жаңа үкіметте. Айта кетерлігі, бұрындары осындай мәселе туындағанда, жетіспеген азық қоры республикалық резервтен берілетін, арзандатылған субсидия да төленді. Жалпы, құс өнімдері мен жұмыртқа құнының 70 пайызы жемге тікелей байланысты. Жем арзан болса, баға да арзан. Бір қызығы, былтыр елімізде 20 млн тоннадан аса астық игерілді, алайда ол «байлығымыз» экспорттан аса алмай қалған сыңайлы.

Ираннан құс етін тасымалдауға тыйым салынды

Қазақстанда Ираннан құс етін әкелуге тыйым салынды. Бұл уақытша үрдіс жайлы Дүниежүзілік сауда ұйымының сайтында хабарланған. ҚР Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, бұл тыйымға Иран аумағындағы құс тұмауының өршуі себеп. Алайда құс етін тұтынушылардың қорқуына еш негіз жоқ. Өйткені елімізге бұл елден ет онсыз да тасымалданбайтын.

Құмар ойындарға бейінді компаниялар табысы артқан

Еліміздегі құмар ойындар мен бәс тігуге бейінді компаниялар өткен жылы 20 млрд теңгеге жуық қаражат тапқан. Бұл – 2017 жылмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары көрсеткіш. Ойын бизнесіне төленген салық 2,3 есеге артып, 26,8 млрд теңгені құрады. Бүгінде 109 компания аталмыш салада жұмыс істейді.  Қазақстанда салық ставкаларының өсуіне байланысты заңды казиноларды жабу үрдісі бар. Оған қоса ойын бизнесі мен бәс тігуді ұйымдастырушылар спортты дамытуға таза пайданың кемінде 15%-ын бағыттауды міндетті.

Еске салайын, 2013 жылдан бері салада қызмет көрсететін ұйымдардың саны 23,2%-ға қысқарды.

Ал Қазақстан қор биржасында доллар бағамы теңге 376 теңге, 65 тиынды құрады.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы