379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік әуе компанияға Қазақстанда ұшуға рұқсат берілді

  • 321
  • UPD: 12:10, 09.05.2019

Әлемдік нарықта биткоин нөл бүтін жүзден 98 процентке арзандады.

Оған криптовалютаны саудалайтын биржаға жасалған хакерлік шабуыл әсер етті. Осыдан кейін цифрлық валютаның айналымы тоқтап, жүйеде жоспарланбаған техникалық жұмыстар жүргізілді.

Биткоинмен қатар Ethereum криптовалютасы да біраз арзандады. Соңғы сауда саттықта ол 4,76 процентке құлдырап, 167 АҚШ долларына бағаланды. Енді криптовалюта биржасын қалыпқа келтіру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр сәлден кейін айтамыз.

Криптобиржаға хакерлік шабуыл жасалды

Соңғы күндері биржада саудаланатын негізгі криптовалюталардың құны төмендеп кетті. Оған хакерлік шабуыл әсер еткен. Олар криптобиржадан құны 41 миллион АҚШ долларына тең келетін биткоинды жымқырды. Іле шала цифрлық жүйедегі айналымдар біраз уақытқа тоқтаған. Биткоинның арзандауына криптовалюта шығаратын құрылғы жұмысының кідіруі де әсер етіп отыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Битмайн құрылғысының қуаттылығы 88 процентке азайған. Дегенмен TRON Foundation-нің негізін қалаған Джастин Сан хакерлік шабуылдан жапа шеккен биржаға қолдау көрсету үшін жүйеге 7 мың биткойн салуға ниетті екенін жеткізді. Ал криптобиржа басшылығы шығынның барлығы арнайы қор арқылы өтелетінін айтып отыр. Айта кетейік, бүгінде криптонарықтың жалпы капиталы 185 ,1 миллиард АҚШ долларына тең.

Ресейлік әуе компанияға Қазақстанда ұшуға рұқсат берілді

Ресейлік «Северный ветер» әуе компаниясы Самара - Алматы бағыты бойынша жолаушылар тасымалдауға рұқсат алды. Бұл туралы еліміздің Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Алғашқы рейс 7 маусымға жоспарланған. Бір бағытқа арналған билет құны 8 мың рубльге жуықтайды. Ал ұшу ұзақтығы – 3 сағат 30 минуттай. Әуе компаниясының ұшақтары екі шаһар арасында аптасына бір рет қатынайды. Жолаушыларды тасымалдау Boeing 737 және Airbus 321 ұшақтары арқылы жүргізіледі. Айта кету керек, қазақстандық әуе рейстерінің үштен бірі Ресей қалаларымен байланысты. Қос тарап бұл қарым-қатынасты одан әрі жетілдірмек ниетте. Ал жалпы «Северный ветер» компаниясы 2008 жылы құрылған. Ресей әуе компанияларының ішінде үздік ондыққа кіреді. Паркі Boeing және Airbus ұшақтарының ең танымал үлгілерінен жасақталған. 

Ас содасын шығаратын зауыт салынбақ

Павлодарда ас содасын өндіретін зауыт салынбақ. Өңірдің индустриалды және иновациялық даму басқарамасы өкілдерінің айтуынша, қажетті шикізат жергілікті кен орындарынан алынады. Қазір кәсіпорынның қоршаған ортаға келтіретін залалына қатысты мемлекеттік сараптама жасалып жатыр. Қажетті инврақұрылым тартылған. Зауыт жылына жоғары сұрыптағы 200 тонна ас содысын өндіреді деген жоспар бар. Өнім ішкі сұранысты қанағаттандыру мақсатына пайдаланылады. Алайда бүгіннің өзінде Ресейдің шекараға жақын облыстары біздің өнімге қызығушылық танытып отыр. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның ас сода нарығы 400-450 мың тонна. Ол химия, металлургия өнеркәсібі мен әйнек шығару саласында да қолданылады.

Қазақстан қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының құны 380 теңге 53 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 381-382 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы