389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерланд билігі саяхатшылардан салық алмақ

  • 527
  • UPD: 15:29, 13.05.2019

Криптовалюта нарығындағы ең танымал элекронды ақша биткоин қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

«Баинанс» криптобиржасындағы соңғы сауда саттықта оның құны 7 мың АҚШ долларынан асты. Дегенмен криптовалютаның өзге түрлері арзандап жатыр. Бұған не себеп?

Биткоин қымбаттады

CoinMarketCap порталының мәліметтеріне қарағанда, оның құны 7 мың АҚШ долларынан асып жығылды. Осылайша 7 ай бұрынғы көрсеткішіне қайта жетті. Сарапшылардың айтуынша, криптовалютаның қымбаттауына Facebook компаниясының электронды ақшаны жарнамалауға салған шектеуін алып тастауы әсер етті. Сонымен қатар «Байнанс» криптобиржасының хакерлік шабуылдан жапа шеккендерге «шығынды толық өтейміз» деген мәлімдемесі әсер етті. Дегенмен теріс пікірдегілер де жоқ емес. «Олар биткоиннің қымбаттауы трейдерлердің үйреншікті әдеті», – дейді. Яғни криптовалютаға сұранысты қолдан арттырып, сатып алушылар  санын көбейтпекші. Сондықтан қажетті сома сатылғанда баға қайта құлдырап кетуі ғажап емес.

Айта кетейік, бүгінде криптовалюта нарығының жалпы капиталы 211 мың 400 миллиард АҚШ долларына тең. Оның 59 проценті биткоиннің үлесінде.

Нидерланд билігі саяхатшылардан салық алмақ

Көптеген елдер турист тартудың тың тәсілін іздеп әлек. Ал Нидерланд билігі елге келетін саяхатшылар санын азайтудың амалын жасап жатыр. Сол үшін қыдырып келген қонақтан салық алуға ниетті. Тіпті туристерді қызықтыратын орындардың бірқатарын жауып тастамақ. Мұндай шешімге қызғалдаққа деген қамқорлықтан барып отыр. Өйткені сэлфи қуған саяхатшы қызғалдақты бей-берекет жұлып бүлдіреді екен. Оғаш әрекетке жергілікті жұрт наразылық білдірген. 17 миллион тұрғыны бар мемлекетке өткен жылы 18 миллион турист келіпті. 2030 жылы бұл көрсеткіш 29 миллионға жетуі мүмкін. Турист санын азайту үшін жергілікті билік елде қонақ үй құрылысына шектеу қойып, кәдесый сататын дүкендер санын азайтпақ. Мәліметтерге қарағанда, былтыр туризм саласы Нидерланд қазынасына 82 миллиард АҚШ доллары көлемінде таза пайда түсірді. 760 мың адамды жұмыспен қамтыды. Десе де билік табиғатын қорғау үшін табыстан бас тартуды жөн санаған.

Шымкентке келген туристер саны артты

Қазақстанға келетін туристер саны артып келеді. Былтыр Шымкентке 178 мың қонақ келді. Оның 12 проценті шетелдік. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 30 процентке көп. Енді шаһар басшылығы алдағы бес жылда туристер санын 1 миллионға жеткізуді жоспарлап отыр. Ол кезде қала қазынасына 200 миллион доллар қосымша пайда түспек. Сондай-ақ туристер санының артуы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Шетелдіктерді қызықтыру үшін түрлі тәсілдер қарастырылған. Яғни тарихи орындарды  жарнамалап, қала ішінде түрлі ойын-сауық кештер ұйымдастыру жоспарда бар.

Қазақстанның шет елдермен тауар айналымы азайды

Осы жылдың алғашқы тоқсанында еліміз сырт елдермен 20 миллиард 300 миллион АҚШ долларына сауда жасады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 процентке аз. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, осы уақыт аралығында еліміз өзге мемлекеттерге құны 13 миллиард АҚШ долларының тауарын сатты. Ал 7 миллиард доллардың затын алған. Яғни экспорт былтырғы көрсеткіштен 4 жарым процентке кем. Импорт 3 пункт бойынша азайған. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен жалпы сомасы 4 жарым миллиард долларға сауда жасады.

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 380 теңге 53 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 381-382  теңгеге сатып алуға болады.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожа

Хабар 24 телеарнасы