382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақылы лагерьлер бойынша елімізде ең жоғары баға қай облыстарда тіркелген?

  • 360
  • UPD: 10:12, 21.05.2019

Биыл Шымкентте шамамен 7 жарым мың бала қала бюджеті есебінен жазғы лагерьлерде тегін демалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл санатқа аз қамтылған отбасылардың балалары, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен көп балалы отбасы балалары кіреді.

Қазақстан бойынша жазғы лагерь бағасы Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарында ең жоғары.

Шымкент қаласындағы жазғы лагерьлерде 7 мың 441 бала қала бюджетінен тегін демалады. Жоғарыда айтылғандай, осы санатта көп балалы мен аз қамтылған отбасылардың балалары және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар қамтылған. Ал жалпы оңтүстік шаһардағы мемлекеттік лагерь бағасы – 29 мың теңге. Жекеменшік демалыс орындары 1 мыңға қымбаттау. Ал жалпы елдегі ең жоғары баға Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген – 80 мың теңге. Қарағандыда – 67 мың, Павлодарда – 60 мың, Таразда – 56 мың, Ақтөбеде – 45 мың, Солтүстік Қазақстанда – 30 мың, Қызылорда мен Семейде 25 мың және Түркістанда – 20 мың теңге.

Қостанай облысында 5,3 млн гектарға егін егіледі

Биыл Қостанай облысында 5 млн 300 мың гектар егіс алаңына дән егіледі. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Қабделов айтты. Көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтау үшін егіс алқаптарында дән себу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ осы жылы майлы дақылдар алқабы 46 мың гектарға ұлғайтылды. Алқаптарды әртараптандырудың нарық қажеттілігі екенін шаруалар жақсы біледі. Сондықтан рапс, зығыр, күнбағыс егуге басымдық берілген. Ауыл шаруашылығы басқармасындағылардың сөзінше, дән себу жұмыстарына 23 мың трактор, 22 мың дән сепкіш пен өнімділігі жоғары 900 техника тартылған. Көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізу үшін шаруаларға мемлекет тарапынан жәрдем жасалды. Арзандатылған бағамен 71 мың тонна жанар-жағармай бөлінбек. Бір литрдің бағасы – 183 теңге. Еске салайық, өткен жылы аймақ аграрийлері ел қамбасына 5 млн гектар астық құйған болатын. Диқандар қауымы биыл да егіннің бітік шығатынына сенімді.

Қазақстан киберқауіпсіздік бойынша 40-сатыға жоғарылады

Интернеттің 100 мыңнан астам хосттан тұратын ұлттық сегменті пайдаланушылар үшін анағұрлым қауіпсіз бола түсті. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек айтты. Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік органдардың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде 82-ден 40-орынға көтерілген. Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау кепілдігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты тексерілуде. Мемлекеттік әрі корпоративтік секторлардағы дерекқорларға қашықтықтан қол жеткізу технологияларын қауіпсіз пайдаланудың әдістерін меңгеріліп жатыр. Бұдан бөлек, ақпарат қауіпсіздігіне жүйелі түрде талдау жүргізіледі. Осыған байланысты ақпаратты қорғау саласындағы кәсіби аутсорсинг қызметтеріне сұраныс артып отыр. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік бағытына бөлінетін білім гранттары 11 есе артып, 60-тан 674-ке жеткен.

Әлемдік мұнай бағасы құбылып тұр

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы құбылып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Brent маркалы мұнай бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 11 центке өсіп, барреліне 72 доллар 6 центті құрады. WTI маркілі мұнай маусымдағы жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк (NYMEX) тауар биржасында 34 центке арзандап, барреліне 63 доллар 1 центке түсті.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ доллары 3 тиынға арзандады. Осылайша бүгінгі бағамы 378 теңге 90 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы