382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бөлшек саудада бензин арзандады

  • 349
  • UPD: 10:37, 23.05.2019

Қазақстанда сәуір айында бензин арзандады. АИ-92 маркалы жанармайдың құны 8 процентке төмендеп, 148 теңгеге саудаланды.

Ал АИ 95/96 маркалары 5,3 процентке, АИ-98 3 процентке төмендеді. Дегенмен, биыл дизель отыны біраз қымбаттады. Нақтырақ айтсақ қыс мезгіліне арналған дизель 23 процентке өсім көрсетіп, литрі 259 теңгеге саудаланды. Ал жаздық дизель 191 теңгеге бағаланған. Сондай-ақ елде жанармай құю бекеттерінің саны да артты. Өткен жылдың басында ол 5296 ға жетіп бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,5 процентке өсім көрсетті.

Қаңтар - сәуір аралығында жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс құны 35 миллион теңгеден асты. Оның ішінде мата өндірісі 32,8 процентке артып, құны 19 миллион 431 теңгені құрады. Ал киім-кешек өндірісі 13,5 процентке жеткен. Сондай-ақ тері және тері бұйымдарын өңдеу 10,2 процентке артып, 2 миллион 626 мың теңгені құрады. Айта кету керек, бүгінде елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында мыңнан астам кәсіпорын тіркелген. Оның 289 мата шығаруға 608-і киім кешек шығаруға 103-і тері өнімдерін өңдеуге бағытталған.

Биылғы жылдың алғашқы төрт айында азық-түлік өнеркәсібіне құйылған инвестиция 21 процентке азайды. Дегенмен отандық азық-түлік өндірушілері қаңтар-сәуір аралығында 613 миллиард теңгеге тағам мен сусындар өндірген. Яғни өндіріс көлемі 2,2 процентке өсті. Оның 81 проценті азық-түлік тауарларының үлесінде. Қаржыға шаққанда 496,7 миллиард теңгены құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 процентке кем. Ал жалпы өсімге сусын өндірісінің артуы әсер еткен. 4 айда қазақстандық кәсіпорындар шығарған сусын көлемі 116,3 миллиард теңгеге тең. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 жарым процентке артық. Айта кетейік, 2019-шы жылдың сәуір айындағы мәліметтерге қарағанда елімізде азық-түлік өндірісімен айналысатын өнеркәсіп орындарының саны 2 мың жеті жүзге жетті. Оның 2 мың алты жүзі шағын бизнесте ал қалғаны орта бизнес деңгейінде.

2018 жылы Қытай билігі азаматтық авиация саласындағы ұшақтарының санын 10 процентке көбейтті. Бұл туралы аспанасты елінің азаматтық авиация басқармасы мәлімдеді. Осылайша өткен жылдың соңындағы санақта елдегі ұшақ саны 3639-ға жетті. Бұл көрсетікіш 2017-мен салыстырғанда 343 әуе көлігіне артық. Мәліметтерге қарағанда қытайлық ұшақтардың жалпы әуеде қалықтау ұзақтығы 11,53 миллион сағатқа жеткен. Оның 9,34-і ішкі рейстерде ал қалғаны халықаралық рестерге тәуелді. Айта кетейік, бүгінде Қытайдың азаматтық авиациясы әлемде екінші орында. Халықаралық әуе тасымалы ассоциациасының болжамы бойынша 2020-шы жылдың бұл ел алдыңғы орынға шығуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы