389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі табысы ең төмен өңірлер анықталды

  • 300
  • UPD: 11:00, 01.10.2019
Еліміздегі табысы ең төмен өңірлер анықталды inform.kz

Солтүстікқазақстандықтар туған өлкесінен көшіп жатыр.

Тұрғындардың аймақтан кетуіне себеп – табыс деңгейінің төмендігі.

Статистика комитетінің ақпаратына сай Солтүстік Қазақстан облысы табысы ең төмен өңірлердің үштігіне кіреді.

Еліміздің ең кедей өңірлерінің тізімінде Солтүстік Қазақстан облысы үшінші орында. Түркістан және Жамбыл облыстары табысы төмен аймақтардың көшін бастап тұр. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, солтүстік өңірдегі орташа жалақы – айына 130 мың теңге. Бірақ аймақтағы қаржы мамандары мен салық саласында қызмет ететіндердің жағдайы біршама жақсы. Олардың айлығы – орта есеппен 230 мың теңге. Егінді өңірдің басты кәсіптерінің бірі ауыл шаруашылығы саласында ең төмен еңбекақы тіркелген. Бар болғаны – 66 теңге. Салдарынан солтүстікқазақтандықтар туған жерін тастап, басқа жақтан жұмыс іздеуге мәжбүр. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда мигранттар саны шамамен 30 процентке өскен.

Украинаның халықаралық әуе жолдары» рейстерді тоқтатады

27 қазаннан бастап «Украинаның халықаралық әуе жолдары» Киев пен Алматы арасында тікелей рейстерді тоқтатады. «Аталған бағыттағы ұшақтар Ресей аумағын айналып өтетіндіктен, бұл компания үшін тиімсіз. Сондықтан Украина әуе тасымалдаушысы осындай шешім қабылдауға мәжбүр делінген ресми хабарламада. Украина компанияларына Ресейдің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынған. Салдарынан, Киевтен Алматыға ұшу ұзақтығы артып, бір жарым сағаттан асқан. Алайда Air Astana мен жасалған келісімнің арқасында жолаушылар Киевтен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына жете алады.

Жасыл технологияларға инвестиция құю тиімді

Елімізде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар артқан. Соңғы сегіз айдың қорытындысы бойынша салаға құйылған қаржы көлемі 74 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе артық. Жасыл технологиялардың кең дамыған кезеңінде жаңартылатын энергия көздеріне қаржы құю тиімді. BloombergNEF сараптамасына сәйкес, биыл жер шарының басым бөлігіне күн мен жел қуатын пайдалану – тиімді әрі ең арзан шешімдердің бірі. Мамандардың болжауынша, 2018 бен 2050 жылдар аралығында электр энергиясына деген сұраныс 62% артады. Салдарынан әлемдік қуат өндірісі үш есе ұлғаяды. Ал саладағы инвестициялар көлемі 13 триллион доллардан асады. Қаржының басым бөлігі желден алынатын қуат көздеріне, дейді сарапшылар. Жалпы BloombergNEF «2050 жылы күн мен желден алынатын энергия жердегі электр энергиясының 50 процентін қамтамасыз етеді деп болжайды. 

Швейцариялық банктер қазақстандықтардың шоттары туралы ақпарат жариялайды

Швейцариялық банктер 19 елдің билігіне өз клиенттері туралы ақпарат бере бастайды. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Бұл туралы Swissinfo агенттігі хабарлайды. Тізімге Әзербайжан мен Түркия мемлекеттері кірген. Парламент шешіміне сәйкес Швейцария өзге елдің билік органдарына банктік және салықтық ақпаратты ресми түрде жариялайтын болады. Клиенттер туралы ақпарат жинау 2020 жылдың қаңтар айынан басталып, 2021 жылдың басында шетелдік органдарға тапсырылады деп жоспарланған. 

Қазақстан қор биржасында доллар құны – 387 теңге 99 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 388-389 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы