387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде таратылған үш банктің салымшыларына өтемақы 99 % өтелді

  • 333
  • UPD: 19:42, 30.10.2019

Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры таратылған Астана, Қазақ және Эксим банктердің салымшылары алдындағы міндеттемелерінің 99 пайызын өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде өңірлердегі 4000 адамға 59 млрд теңге төленген. Тағы 220 мыңы кезегін күтуде. Қазір Эксим банкінің 156 салымшысы өтемақы алуға асықпай отырғаны белгілі. Олар 5 қарашаға дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Петропавл қалаларындағы «Қазпошта» бөлімшелеріне өтініш қалдыра алады. Мамандардың айтуынша, үш банкті алғанда 1500 адамның есепшотында қомақты қаражат жиналған. Қайтарылған берешектің ең кемі 500 теңге. 2020 жылдан бастап, банктердің лицензиядан қағылу жағдайы тіркелсе, салымдарды қайтару 35 күн ішінде жүзеге асады.

Сауд Арабиясына әуе бағыты ашылмақ

Қазақстандық әуекомпаниялар Сауд Арабиясы корольдігіне тұрақты түрде әуе бағытын ашпақ. Қазір олар арнайы сертификаттаудан өтіп жатыр. Рұқсат алынса, еліміздегі басты тасымалдаушылар аптасына екі рет Алматы – Медина, Алматы – Джидда бағытына қатынайтын болады. Қазіргі келісімге сай, Қазақстан мен Сауд Арабиясы өзара аптасына 4 жолаушылар және 3 жүк тасымалын жүргізеді. Әзірге, корольдіктен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентке, ал Қазақстаннан Рияд, Джидда, Медина және Даммамға ұшу рұқсат етілген. Сертификаттау сәтті аяқталса, қос әуе компаниясы халықаралық ұшуға жыл соңында толық дайын болады.

Британдықтар жұмыссыз қала ма

Бес жылдан кейін жарты млн-ға тарта британдық жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұған сауда саласын автоматтандыру себеп.  Қазірдің өзінде ритейлерлер тауарын ғаламтор арқылы сатуда. Ұлыбританиялық аудиторлық компания жүргізген зерттеуге сай, сұралғандардың 45 проценті саланы толықтай роботтандыруға қарсы емес. Олар жаңашылдықты тиімді санайды. Демек, алдағы 5 жылда әрбір 5-бос орынды жасанды интеллект алмастыруы ғажап емес.

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы

Ресейліктер Қазақстанды нағыз дос санайды. Қоғамдық пікірді зерттеу бүкілресейлік орталығы жүргізген сараптамаға сай еліміз достар үштігін түйіндеген. Бірақ пікір білдіргендердің 45 проценті Қытай мен Ресей қатынасының мығым екенін мойындапты. Одан кейін белорусьтердің туы желбіреген. Алайда, АҚШ пен Ресейдің қатынасы қарапайым халықты алаңдататын көрінеді. Сұралғандардың 67 проценті осындай пікір білдірген. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1600 респондент қатыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы