377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан халқы азық-түлікке көп шығындалатын 10 елдің қатарына қосылды

  • 160
  • UPD: 11:24, 13.02.2020

Мұндай тізімді АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрлігі жариялады. Зерттеуге 104 мемлекет алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зерттеу адамдар табысының қанша процентін азық-түлікке жұмсайтынын және қор жинау мүмкіндігі қандай екенін айқындайды. Осы көрсеткіштер бойынша еліміз 104 елдің ішінде тоқсан алтыншы тұр.

Қазақстандықтар өз табысының 45 процентін азық-түлікке жұмсайды. Еліміздің статистика комитетінің мәліметтері де осыған саяды. 2019 жылды үшінші тоқсанында отандастарымыз тұрмыстық затқа жұмсаған қаржының тең жартысы азық-түлікке жаратылған. Ал дамыған мемлекеттің азаматтары ас-су үшін көп қаржы жұмсамайтын көрінеді. Мәселен, тізімді бастап тұрған АҚШ азаматтары табысының тек 6,5 процентін тамаққа жұмсайды. Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия сынды елдерде де жағдай осыған ұқсас. Рсейліктер 28, ал Беларусь азаматтары табысының 32 процентін азық-түлікке жұмсайды.

Айта кету керек, мұндайда табыстың мөлшері маңызды екенін естен шығармау керек.

Ақ күріштің бағасы тұрақты

Қазақстанда күріш бағасы тұрақты. Ақ күріштің отаны саналатын Сыр елінде келісі 251 теңгеден аспайды. Бұл туралы өңірдің ауыл шаруашылық басқармасы мәлімдеді. Естеріңізде болса, бұған дейін оның келісі 300-ден асып кеткен еді. Тексеру нәтижесінде диқандардың өзара келісіп бағаны қолдан көтергені анықталды. Сондай-ақ облыс әкімдігі мен салалық қауымдастық меморандумға қол қойды. Оның аясында күріштің көтерме бағасы 220 теңге болып белгіленді. Ал бөлшек саудада оған 15 проценттен артық қосуға тыйым салынады.

Айта кету керек, былтыр елімізде күріш бітік шықты. Диқандар 20 жылдық рекорды жаңартқан. Сондықтан күріш тапшылығы болмауы тиіс дейді мамандар.

Енді осы күріштің бағасы еліміздің өзге аймақтарында қандай? Арнамыздың меншікті тілшілері өз өңірлеріндегі дүкен сөрелерінен күріштің келісі қанша екенін біліп бізге жолдады. Салыстыруға лидер сұрыбын алдық. Нарықтағы бағаға назар аударайық. 

Әрине Қазақстан бойынша күріш ең арзан өңір – Қызылорда облысы. Мұнда лидер сұрыбының 1 келісі 250 теңгеге саудаланады. Ал ақтаулықтар ол үшін 260 теңге төлейді. Орталық Қазақстанға жеткенше баға 20 теңгеге өседі екен. Яғни Қарағандыда келісі – 280 теңге. Шымкенттіктер лидер сұрыбының келісін 290 сатып алады. Ақ күріштің қымбатшылығы солтүстік өңірлерде байқалады. Мәселен, Петропавлда оның бағасы 310 теңге болса, Павлодарда 320 теңгеге дейін жетеді.

Қаңтарда жеңіл өнеркәсіп өндірісі 8,7% артты

Қаңтарда еліміздегі жеңіл өнеркәсіп өндірісі 8,7 процентке өсті. Оң нәтижеге мата өндірісінің артуы әсер еткен. Бұған қоса тері және тері бұйымдарынан өндірісі де 5,9 процентіке артты. Бүгінде Қазақстан жеңіл өнеркәсіпті дамытуға басымдық беріп келе жатқаны белгілі. Мәселен, 2015-2019 жылдары Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 19 млрд теңгенің 22 жобасы іске қосылды. 1 732 жұмыс орны ашылды. Жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемі 2015 жылы 71,6 млрд теңге болса, 2019 жылы ол 112,7 млрд теңгеге жетті. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасын» несиелеу тетігі аясында екінші деңгейлі банктер 6,6 млрд теңге сомасына 30 жеңіл өнеркәсіп жобасын мақұлдады. Қазір мақта-тоқыма кластерін құру бойынша Жол картасы әзірленді. Ол мақта талшығын қайта өңдеуді 2 есе ұлғайтуды көздейді.

Халықаралық қор 1,2% көбейді

Қазақстанның халықаралық қоры 29,31 миллиард АҚШ долларына жетті. Биылғы бір айдың өзінде өсім 1,2 процентті құраған. Ұлттық Банк жариялаған мәліметке қарағанда қордағы соманың артуына құнды металл бағасының қымбаттауына байланысты алтын портфелінің қайта бағалануы және алтын қорының ұлғаюы әсер еткен. Бүгінде алтынға салынған активтер 4,1 процентке артқан. Десе де еркін айналымдағы валюта қоры 4,1 процентке азайды. Биыл да Ұлттық банк ұлттық қорға алтын сатуды жалғастырмақ. Қаңтардың өзінде 100 млн долларға 2 тонна алтын сатылды.

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 376 теңге 2 тиынға тең. Ал Ресей рублі 5 теңге 96 тиын

Еуро 410 теңге 77 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы