426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


S&P Қазақстан экономикасына болжам жасады

  • 318
  • UPD: 12:13, 07.09.2020

Халықаралық сарапшылар да еліміздің макроэкономикалық жағдайы мен несие төлеу қабілетін тұрақты деп бағалады.

«S&P Global Ratings» агенттігі экономикамыздың тез қалпына келетінін болжап отыр. Айтуынша, алдағы үш жылда орташа өсу қарқыны шамамен 4%-ті құрайды. Басты назар құрылыс пен өңдеу сияқты мұнайға қатысы жоқ салаларда болады. Қазақстанның несиелік рейтингінің тұрақтылығын растаған агенттік бұл ғана емес, бұған дейін «Fitch» те өз жорамалын жасаған болатын.

Қазақстандық кәсіпкерлерлер елдегі қаржылық ұйымдарға 4 трлн теңге қарыз. Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда едәуір аз. Наурыздан маусымға дейін 12 455 шағын және орта бизнес өкіліне несие төлеу мерзімі шегерілді. 30 мың қарыз алушының 11 мыңына жеңілдетілген шарт ұсынылды. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында қарыздық жүктемені қайта қаржыландыруға мүмкіндік бар. Бар-жоғы 6% мөлшерлемемен. Ал кепілдігі жоқ кәсіпкерлерді «Даму» қоры қолдап отыр. Олар несие сомасының 85 процентіне кепілдік ұсынады. Микро және шағын кәсіпкерлік өкілдеріне жылдық 6 проценттік мөлшерлемемен қарызын қайта қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та шағын және орта бизнесті қолдауға мән беріп отыр. Бұл жанашырлық Қазақстан Халқына Жолдауында айқын көрінеді. Оның негізінде айналымдағы қаражатты арттыру бағдарламасы 2021 жылдың соңына дейін жалғасады. Ал бюджет 800 млрд теңгеге толығады.

Статистика комитетінің дерегінше, елімізде жыл басынан бері қант 12 процентке қымбаттапты. «Нарықтағы баға» айдарында шекер құнына шолу жасаймыз.

Керекуде қанттың бір келісі 230 тг сатылып жатыр. Алматыда 10 теңгеге қымбат. Қостанайда өнім бағасы 250 теңге, Көкшетаудан да бір келі қантты 250 тг-ге аласыз. Ал еліміздің шығысында тәтті өнім 260 тг-ге сатылып жатыр. Елордада қымбатырақ, себебі 280 теңге.

Хабар 24 телеарнасы