426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Saxo Bank сарапшылары: 2021 жылы мұнайдың бағасы $60 асады

  • 829
  • UPD: 13:27, 15.12.2020

Биыл елдегі электронды сауда нарығының көлемі 900 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болжам бойынша екі жылдан кейін бұл сомма 2 триллионға жетуі мүмкін. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне қарағанда былтыр тұрғындар жеті жүз миллард теңгеге онлайн сауда жасаған. Көрсеткіштің бірден өсуіне карантин әсер етті дейді мамандар.

FinReview сайтының сарапшылары жүргізген зерттеуге қарағанда онлайн сауда жасайтын компаниялардың табысы биыл бірден 25 процентке ұлғайған.

Онлайн саудада киімге сұраныс көп

Елдегі әрбір бесінші отбасы интернеттен тауар немесе қызмет түрін сатып алады. Желідегі саудада кемі 5 мың мен 25 мың теңге аралығында жұмсайды. Негізінен аяқ киім мен киім алады. Мұндай мәліметті ұлттық статистика бюросының мамандары жасады. Онлайн саудаға Елорда мен Алматы тұрғындары жиі жүгінеді екен.

Тұрғындар автокөлік сатып алуға 711 млрд теңге жұмсады

Биыл 11 айда елдегі ресми диллерлер отандастарымызға 79 мың 394 автокөлік сатты. Бұл былтырмен салыстырғанда 25 процентке көп. Яғни қазақстандықтар темір тұлпар алуға 711 миллиард теңге жұмсады. Сатып алушылардың жартысынан көбінің таңдауды отандық көлікке түскен. Шамамен 30 проценттейі шетелден импорттады. Сұраныстағы көліктердің үздік бестігіне лада, Hyundai, Toyota, Chevrolet және Ravon маркалары кірген. Жеңіл көлікті сатып алу бойынша алматылықтар алда тұр. Одан кейін Нұр-Сұлтан, Шымкент тұрғындары.

Базалық мөлшерлеме өзгеріссіз қалды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы қалпында яғни 9 прценттік деңгейінде сақтап қалды. Қаржыгерлердің мұндай шешім шығаруна мұнай нарығындағы тұрақсыздық, вакциналарға қатысты белгісіздік пен инфляциялық ахуалға қатысты жағдайлар негіз болған. Қарашада инфляция деңгейінің өсімі жеделдеп, 7,3 процент болған еді. Жыл соңына қарай елдегі карантин шаралары мен дезинфекцияның әсеріне байланысты 7,3-7,5 процент аралығында болады деп күтіледі. Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешімдер елдегі экономикалық ахуалға саралай отырып шығарылатынын хабарлады. Айта кетейік, 11 айдың қорытындысы бойынша, ел экономикасы 2,8 процентке кеміді. 

Saxo Bank сарапшылары: 2021 жылы мұнайдың бағасы $60 асады

Келер жылдың соңына қарай әлемдік нарықта қара алтынның құны 60 доллардан асуы мүмкін. Даниялық Saxo Bankінің сарапшылары осындай пікірде. Олардың айтуынша, өсім жылдың екінші жартысында байқалады. Себебі келер жылдан бастап әлемде жаппай вакцина егу басталады. Осыдан кейін экономикада белсенділік артып, өндіріс қайта қарқын алмақ. Оған дейін мұнай өндірісі айтарлықтай кемиді және сұранысты өтей алмай қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде алпауыт компаниялар мұнай саласына инвестиция салуды азайтты. Инвестиция көлемі 80 миллиард долларға кеміген. Сарапшының болжамынша, келер жылдың басында мұнай бағасы 50 доллар шамасында болады.

Сары май қымбаттады

Биыл 10 айда елде жалпы құны 296 миллиард теңгенің сүт өнімдері өндірілді. Қаржылық мәнде салыстырсақ, былтырғы көрсеткіштен 20 проценттей артық. Жекелей айтсақ, сары май мен ірімшік және сүзбенің өндірісі едәуір көбейген. Десе де ішкі нарықтағы сұранысты қамту көрсеткіші кеміді. Яғни қажет сары майдың 78 проценті ғана өзімізде шығарылған. Ал импорт екі есе көбейді. Мәліметтерге қарағанда биыл 9 айда сары майдың құны 14 процентке өскен.

Қазақстан бойынша сары май ең арзан өңір – Павлодар. Мұнда келісі 2800-ден басталады. Ал Қостанай жұрты сүт өнімінің бұл түрін 3200-ден алады. Көкшетауда 3 жарым мыңнан. Петропавлда 3400 теңге. Оралда Петропавлмен салыстырғанда 600 теңгеге қымбат. Атырауда 4 мыңнан. Республика бойынша сары май ең қымбат өңір елорда. Мұнда келісі 4 мың бір жүз теңгеден.

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 418 теңге 63 тиынға тең. Еуро 508 теңге 98 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 74 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы