386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР АШМ мен ҚР СІМ елге инвесторлар тартуды көздеп отыр

  • 515
  • UPD: 14:03, 05.04.2017

2021 жылға дейін отандық өнімнің экспортын 1,5 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 0,8 млрд шамасында.

Ал межелі деңгейді еңсеру үшін ауыл шаруашылығы кешеніне көптеп инвестиция тарту керек. Осы мақсатта ҚР Ауыл шаруашылығы және ҚР Сыртқы істер министрліктері алдағы үш жылға жоспар құрып, шет мемлекетердің елшілерімен кездесті. Дипломаттар аталмыш жобаның тиімді тұсын талқылады. Бағдарлама аясында 8 бағытқа басымдық берілген. Әсіресе отандық тауардың экспортын арттыру мен өңдеу өнеркәсібіне шетелдік компаниялардан қаржы тарту маңызды.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі:

- Өзге мемлекеттерден нақты ұсыныстар түсіп жатса, біз бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Бізге келетін инвесторлардың Қазақстаннан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай нарығына шығуына мүмкіндігі зор. Осы ретте айта кетейін, Қазақстан мен Қытай арасындағы экномикалық қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып жатыр. Ал шамамен 100-ден астам мемлекет Аспан асты елімен байланыс орнатуға мүдделі.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Ауыл шаруашылығы кешенін дамыту бағдарламасы аясында  кез келген мемлекет пен жеке сектор үшін мүмкіндік мол. Қазіргі таңда екі ведомство арасында инвестиция мен экспортты үйлестіру мақсатында келісім жасалды. Енді тәжірибе алмасу маңызды болмақ. Сәуірдің соңында жерді суару бойынша семинар өтеді. Осы бағдарлама аясында бірнеше елге көмек көрсете аламыз деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы