387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде ЕАЭО пен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

  • 418
  • UPD: 14:34, 29.04.2017

Еуразиялық экономикалық одақ пен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың келешегі мәскеулік Экономикалық жоғары мектебінде ұйымдастырылған жиында талқыланды.

Сарапшылар экономикалық одақ пен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды. Түркиялық кәсіпкерлер еуразиялық одаққа мүше елдермен жаңа форматта жұмыс істеуге даярлығын жеткізді. 2015 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақпен бірлесіп жұмыс атқаруға 50 мемлекет ынта білдірді. Экономикалық бірлестік қазір Вьетнаммен Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойды. Кезекте Иран, Израиль, Үндістан, Мысыр елдері тұр.

Айдынбаш Хайреддин, «Eurasian House» интеллект клубының басшысы

- Бүгінде Қазақстан жаһандық қарым-қатынастардың маңызды қатысушысы. Қазақстанның саяси әрі экономикалық рөлі өсіп отыр. Астанада өтетін ЭКСПО 2017 қөрмесі осының дәлме-дәл айғағы. Казақстан мен Түркия қарым-қатынасының терең тарихы бар. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа елдермен де біз жақсы қарым-қатынастамыз. Бұдан былай да жаңа деңгейде бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз.

Юрий Кофнер, Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры:

- Екі жақтан да қызығушылық бар. Интеграцияның кажеттілігін Түркияның экономика министрі де, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та атап өтті. Түркия тарапы едәуір экономикалық қызығушылықты танытты. Осы ел мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында ынтымақты нығайтудың маңызы зор. Ол Еркін сауда аймағы туралы шарт немесе экономикалық және сауда серіктестігі туралы келісім түрінде болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы