387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар ай сайын БЗЖҚ-ға 57 млрд теңге аударып отырады

  • 777
  • UPD: 07:54, 28.06.2017

Ай сайын қазақстандықтар Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына орта есеппен 57 миллиард теңге аударып отырады.

Қордың жарты жылдық жұмыс нәтижесі туралы басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева айтып берді. 1 маусымдағы есеп бойынша зейнетақы жинағының көлемі 6,9 миллиард теңгені құраған. Салымшылардың есепшоттарына аударылған таза инвестициялық кіріс 114 миллиардтан асқан. Яғни зейнетақы активтерінің кірісі 1,7 пайызға тең. Алайда жыл басынан бергі бес айда инфляцияның көлемі 3,3 пайыз болып отыр. Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының мамандарының айтуынша, жоспарланған кіріске қол жеткізуге жыл басындағы доллардың төмен бағамы кері әсер еткен.

Сәуле Егеубаева, БЗЖҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Бағалы қағаздар, депозиттер, басқа да қаржылық құралдар бойынша пайыздық сыйақы 212 миллиард теңгеге жетті. Бірақ таза инвестициялық кірістің өсуіне шетелдік валютамен салынған қаржы құралдарының бағамы кері әсер етті. Яғни 2017 жылдың 5 айында 85 миллиард теңге шегерілді. Таза инвестициялық кірістің өзгеріп тұратынын айта кету керек. Күн сайын есеп жүргізілсе, күн сайын өзгереді. Бүгінгі күні зейнетақы активтерінің кірісі 3,56 пайызды құрады.

Хабар 24 телеарнасы