389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЖЕЭО: Тараптар экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті жайттарын қарастырды

  • 511
  • UPD: 11:35, 16.10.2017

Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық аренада ықпалы артып, мәртебесі биіктей түсті.

Бұл  достастық елдерінің экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық жағынан дамуына оң әсерін тигізбек.

Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың кеңейтілген отырысында қорғаныс саясаты, cыртқы шекараны қорғау, лаңкестікке қарсы іс-қимыл сынды маңызды жайттар қаралды.

«Бұл ТМД-ның жаңа жағдайларға бейімделуіне ықпал етпек», – дейді сарапшылар.

Нұргүл Қажытаева, ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің кеңесшісі:

- Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың отырысында тараптар  экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті жайттарын, халықаралық ынтымақтастық пен Еуразия кеңістігіндегі одан әрі интеграциялану мәселелеріне баса назар аударды.  Сонымен қатар 2025 жылға дейінгі Еуразиялық экономикалық одақтың  цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру бойынша бастамалар да қаралды.  ЕАЭО-ның күн тәртібін қалыптастыру мүше мемлекеттердің ашық, кең әрі тең құқылы ынтымақтастығына, әрбір елдің экономикасының артуына жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы