370,04 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттық көлемі артты

  • 325
  • UPD: 20:34, 14.11.2017

Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда-саттық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артты.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметіне сүйенсек, осы аралықтағы өзара сауда 12 млн АҚШ долларынан асқан. Оның ішінде экспорт 4 млн долларға жуықтады. Ал импорт тоғыз млн долларға жақындады. Сонымен қатар одаққа мүше елдермен сыртқы сауда айналымымызда Ресей Федерациясының үлесі 92, Қырғызстан Республикасымен 4,4, Беларусь Республикасымен 3,6 пайызға тең болып отыр.

Осы категория бойынша: « 2017 жылғы қаңтар-қазандағы қысқамерзімді экономикалық индикаторы 105,4%-ды құрады Бакуде қазақстандық экономисттің 80 жылдығына арналған конференция өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы