387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО-ның ауылшаруашылық өнімдері Ресейге көптеп экспортталатын болды

  • 514
  • UPD: 18:01, 07.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының ірі ауыл шаруашылығы компаниялары Ресейдің Сібір аумағына өз өнімдерін көптеп экспорттауға келісті.

Былтыр «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы екіжақты меморандумға қол қойған болатын. Мақсат – ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерінің экспорттық әлеуетін арттыру. Енді нақты келісімдер жасалды. Новосібірдегі ірі көтерме және бөлшек сауда кешені біздің өнімдерімізге қызығушылық танытып отыр. Өйткені өзбекстандық өнімге қарағанда сапалы әрі жол шығыны аз. Кедендік одаққа мүше екеніміз тағы бар. Олар біздің кәсіпкерлердің өнімін сақтайтын, сауда жасайтын орын беретін болып келісті. Өз кезегінде оңтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы тауарлары кепілді түрде және қымбатқа сатылатын болады.

Нұрлан Құралов, кәсіпкер: 

– Бізге үлкен нарық ашылайын деп тұр. Өздеріңіз білесіздер, өнім піскен кезде қайда сатамыз деп бәріміз іздейміз. Сол кезде баға түсіп кетеді. Егер біз алдын ала болжап, алдын ала сататын жерімізді дайындап қоятын болсақ, біздің өніміміз жоғары бағада сатылатын мүмкіндігі болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы