389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында Өзбекстанның өндіріс орындары ашылады

  • 807
  • UPD: 17:59, 17.04.2018

Ал ауылы аралас, қойы қоралас көршіміз Өзбекстан Алматы облысымен достық байланысты нығайтып, Жетісу жерінде бірнеше өндіріс орнын ашуға ниет білдіріп отыр.

Алғашқысы ауыл шаруашылық техникаларын құрастыратын цех болады. Одан кейін тоқыма фабрикасы мен тағам дайындау кәсіпорындарын іске қосу мүмкіндіктері қарастырылмақ. Бұл туралы Алматы облысынан Өзбекстанға барған ресми делегацияның сапары кезінде мәлім болды. Бүгінде екі аймақтың сыртқы саудадағы өзара тауар айналымы 36 миллион долларды құрайды. Оның 16 миллионы экспорттың үлесіне тиеді.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Жуық арада ол жақтан арнайы делегация келетін болды. Және біз осы Алматы облысының инвестициялық потенциалын көрсететін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы