369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан бірнеше сатыға жоғарылады

  • 221
  • UPD: 14:42, 26.07.2018

Дүниежүзілік банктің жүк тасымалдау бойынша рейтингінде Қазақстан 71-орынға тұрақтады.

160 мемлекет ескерілетін бұл санақта еліміздің нәтижесі жақсарып келеді. Мысалы, жүкті дер кезінде жеткізу жағынан Қазақстан 42-орында. Рейтингте логистикалық тиімділік пен инфрақұрылым сапасы да назарға алынды. Қазақстандағы кедендік рәсімдеудің тиімділігі артуы арқасында еліміз жиырма бірінші тұғырдан көрінді. Ал екі жыл бұрынғы көрсеткіш негізінде Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Логистика тиімділігі индексі» рейтингісінде «Инфрақұрылым сапасы» көрсеткіші бойынша 106-дан 65-орынға жоғарылағанын еске саламыз.

Қазақстан:

Логистикалық тиімділік индексі бойынша:

2016 – 77 орын

2018 – 71 орын 

Кедендік рәсімдеу тиімділігі бойынша:

2016 - 86 орын

2018 – 65 орын

Жүкті дер кезінде жеткізу бойынша: 

2016 – 92 орын

2018 – 50 орын

Осы категория бойынша: « Халықтың елімізде құрастырылған көліктерді сатып алуы артты Елімізде мұнай өндірісі 2025 жылға қарай 104 млн тоннаға жетеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы