365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастығы артады

  • 181
  • UPD: 16:11, 03.08.2018
Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастығы артады

Қазақстан мен Ауғанстан сауда-инвестициялық, ауыл шаруашылығы, жер мен әуе көлігі, геология және минералды ресурстар салаларында ынтымақтастығын арттырады.

Осы мақсатта Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрі бастаған делегация Астанаға арнайы келіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық конференциясына қатысты. Шараға қос тараптан 40-тан астам іскер топ өкілі келген. Нәтижесінде делегация басшылары xаттамаға қол қойды. Айта кетейік, биыл қаңтар-сәуір айларында Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 180 млн АҚШ долларынан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,3 пайызға жоғары.

Мохаммад Раби Набизада, халықаралық сауда келісімшарт директоры:

- Біз Қазақстанға құрғақ және тропикалық жеміс-жидектерді, шафран мен емдік шөптерді, аң терілері мен бағалы тастарды, мрамор мен кілемдерді экспорттайтын боламыз. Бұл өнімдерді саудалау мақсатында Қазақстанда дүкендер желісін ашуды жоспарлап отырмыз.

Осы категория бойынша: « «Самұрық Қазына» қоры сыртқы қарызын уақытынан бұрын өтеді Мамандар теңге бағамының төмендеуіне әсер еткен факторларды атады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы