365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий конвенциясы сауда-саттық жолын кеңейтеді

  • 193
  • UPD: 22:45, 19.08.2018

Каспий маңы мемлекеттерінің келісімі транскаспийлік халықаралық көлік дәлізін дамытуға серпін береді.

«Бұл Қытай үшін жақсы жаңалық және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы үшін жаңа мүмкіндіктер» деп жазады Глобал таймс. Сонымен қатар Каспий конвенциясы трансұлттық компанияларға тың мүмкіндіктер ашып, бірлескен транзиттік жобаларды жандандырады. Қытайлық сарапшылардың айтуынша, Каспий «Бір белдеу, бір жол» бастамасына балама бағыт. Өйткені ол құрлық пен теңіздегі сауда жолын жалғап жатыр. Мәселен, Ресей жері арқылы өтетін бағыттарға қарағанда Транскаспий дәлізі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Қорғастан Грецияның Пирей қаласына тезірек жеткізеді әрі арзанға түседі. Грецияның Афина қаласындағы контейнерлік терминалды басқаратын Қытайдың «COSCO Shipping» логистикалық компаниясы да транскаспий бағытын дамытуға бел буып отыр. Аталған компания «Қорғас-Шығыс қақпасында» да негізгі инвестор.

Сюй Тао, Қытай халықаралық қатынастар институтының сарапшысы:

- Конвенцияға қол қойылуы әлемге Каспий аумағының бейбіт болатынын және көбірек инвестиция тартуға қолайлы екенін білдіртсе керек. Бұл Еуразиялық сауда жолын кеңейтіп, оны дамытуға үлкен мүмкіндіктер ашылады деген сөз.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық кәсіпкерлер Солтүстік Кипрдің құрылыс саласына инвестиция құюы мүмкін ҚР ҰБ банкноттар мен монеталардың үздік бейнеленуіне ашық конкурс жариялады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы