366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жаңа өндіріс орны ашылады

  • 174
Қарағандыда жаңа өндіріс орны ашылады

Қарағандыда галлуазитті нанотүтікшелерден тұратын антикоррозиялық жабындар шығаратын өндіріс орны ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жобаны жүзеге асыру үшін қарағандылық техникалық университеттің ғалымдары алты жыл уақытын сарп еткен. Нанотүтікшелер алюминий, оттегі, кремний және сутегіден жасалғандықтан, бұл металл бұйымдардың қоршаған ортаның түрлі әсерінен тоттануын азайтып, антикоррозиялық қасиетін бірнеше есе арттырады. Ғалымдардың айтуынша, отандық өнім – арзан әрі қолжетімді материал. Қазір аталған жобаны аймақтағы машина жасау зауыты сапалы металл жасау үшін қолданысқа енгізбек. Жоба құны – 170 млн. теңге.

Кашамида Тәжібекова, жобаны коммерциялау жөніндегі маман:

– Біздің ғылыми жобамыздың басты мақсаты – қара және түсті металдарды коррозияға қарсы төзімділігін арттыру. Коррозияға қарсы суспензияны енгізу арқылы олардың қызмет ету мерзімін арттыру, мысалы, жай коррозиялық өнімдерді алатын болсақ, олар 3-5 жылға жарайды, біздікі одан бір жарым есеге артылады.

Хабар 24 телеарнасы