365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты 6 млн тоннаға жетті

  • 131
  • UPD: 07:54, 02.10.2018
Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты 6 млн тоннаға жетті

Шымкент мұнай өңдеу зауытының шикізатты қайта өңдеу тереңдігі 85%-ға жуықтады.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, жоғары октанды бензинді өндірудің жылдық көлемі 652 мың тоннадан 2 млн 270 мың тоннаға ұлғайды. Дизель отынының жылдық өндірісі 1 млн 192 мың тоннадан 1 млн 916 мың тоннаға жетті. Ал авиаотын 254 мың тоннадан 400 мың тоннаға дейін өндірілетін болды. Жалпы жаңғырту жұмыстары барысында 11 технологиялық құрылғы мен 29 жалпызауыттық шаруашылық нысаны бой көтерді. Изомеризация құрылғысы іске қосылған соң, жоғары октанды бензин өндірісі 100%-ды құраса, моторлы отынның сапасы К4 және К5 экологиялық санатына жетті.

Хабар 24 телеарнасы