365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығысқазақстандық 37 шаруашылықтың шетелге ет экспорттауға мүмкіндігі бар

  • 174
  • UPD: 18:18, 06.10.2018

Экспорт саласы – ел экономикасының тірегі.

Сондықтан Елбасы Жолдауда бұл сала бойынша нақты жұмыстарды қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал шығыстағы тауар өндірушілер көрші мемлекеттердің нарығына шығуға дайын отыр. Биылдан бастап шет елдерге ет экспортын еселеуді бастамақ. Қазір жөнелтуге қажет құжаттардың бәрі дайын. Бүгінге дейін аймақта 37 шаруашылық шетке ет шығарауға сертификат алған. 

Ерасыл Бейдженбаев, Ұлан аудандық кәсіпкерлік және  ауылшаруашылығы бөлімінің маманы:

– Ауданымыздағы ірі шаруашылықтардың бірі Өзбекстанға 2018-2019 жылдары 1000 басқа жуық малды ет түрінде шығаруды жоспарлап отыр. Және 2 мемлекеттің арасында келісімшарттар жасалынды. Бұл жұмыс жалғыз шаруашылықпен тоқталып қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы