366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британиялық сарапшылар Елбасы Жолдауына қатысты өз ойларын білдірді

  • 172
  • UPD: 21:44, 06.10.2018

Британ-қазақ қоғамының төрағасы Руперт Гудман Жолдауда шетелдік инвесторлармен бірлесіп, шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру қажет деп айтылған пікірді қолдайды.

Айта кету керек, Британ-қазақ қоғамы Біріккен Корольдік пен Қазақстанды байланыстыратын алтын көпір десе болғандай. Ол еліміздің сауда-экономикалық, мәдени бастамаларын әрдайым қолдаумен келеді.

Руперт Гудман, Британ-қазақ қоғамының төрағасы:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында инвестицияларды мұнайға қатысы жоқ секторларға бағыттау туралы айтқан идеясы көңілге қонымды. Бұл Қазақстан экономикасын әртараптандыруға көп көмегін тигізбек. Сондай-ақ Жолдауда адами капиталға инвестиция құю жайы да орынды айтылған. Өйткені шынымен де ел болашағы кадрларға тікелей байланысты.

Хабар 24 телеарнасы