366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы: Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек

  • 155
  • UPD: 22:24, 06.10.2018

Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру – Елбасының халыққа Жолдауында көтерілген басым бағыттардың бірі.

Осы орайда еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есе көбейту керек. Бұл – алдағы бес жылға айқындалған міндет.

«Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды түрде тартуға бағыттау қажет. Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалануымыз керек. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн. Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Хабар 24 телеарнасы