360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордадан Астанаға 90 тонна күріш әкелінді

  • 562
  • UPD: 23:27, 06.10.2018

Астанаға қызылордалық 90 тонна ақ күріш әкелінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «Қазақстан спорт кешені» аумағында өтіп жатқан  Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде сатылды. Мұнда Сырдың күрішінен бөлек, дәмі тіл үйіретін қауын-қарбыз, балық және басқа да өнімдерді алуға болады.

Сенбі мен жексенбіде Астана тұрғындары мен қонақтары Қызылорданың дәміне қарық болды. Сырбойылық шаруалар елорданың 20 жылдық мерейтойына 400 тоннадай азық-түлік өнімдерін әкеліп, нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатып жатыр.

Қадыржан Қарабаев, қала тұрғыны:

– Жәрмеңке жақсы өтіп жатыр. Сырдың күріші де, қарбыз-қауыны да ерекше дәмді.

Арзан бағада азық-түлігін алуға келген халықтың қарасы қалың. Барлығы жәрмеңкеден арқаланып шығып жатыр.

Серік Қожаниязов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

– 90 тонна күріш әкеліп отырмыз. 15 тонна балық бар. 120 тонна қауын-қарбыз әкелдік. Сауда қызу өтіп жатыр.

Жәрмеңкедеге 7 аудан мен Қызылорда қаласының шаруалары өз өнімдерін әкелді. Оларды Астанаға жеткізу үшін облыстық бюджеттен арнайы қаржы бөлінген. Жәрмеңке ертең де жалғасады.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожаев, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы