366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында алыс-беріс ұлғаяды

  • 170
  • UPD: 07:29, 09.10.2018

Қазақстанның логистикалық әлеуеті зор.

Мемлекеттің географиялық орналасуы Батыс пен Шығыс арасында көпсалалы көпір бола алады. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Сауда саясаты және халықаралық сауда жөніндегі министрі Джордж Холлингберидің пікірі осындай. Қазақстан-Британия арасындағы үкіметаралық комиссияның 5-отырысында шетелдік делегацияны бастап келген құрметті мейман Елбасының халыққа арнаған жолдауындағы тапсырмаларды да жоғары бағалады.

Джордж Холлингбери, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның сауда саясаты жөніндегі министрі: 

- Қазақстанда бизнес жүргізудің мүмкіндіктері көп екеніне көз жеткізіп отырмыз. Бүгінгі отырыста да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде энергетика, геология, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, қаржы және тау-кен салалары қамтылады.

Хабар 24 телеарнасы