360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттің жаңа мәртебесіне байланысты республикалық бюджет қайта қаралды

  • 77
  • UPD: 13:04, 11.10.2018
Шымкенттің жаңа мәртебесіне байланысты республикалық бюджет қайта қаралды Казинформ

Үкімет Мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын және елдің 2020 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтыланған болжамын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бюджетті қайта нақтылауға Шымкент пен Түркістан облысының әкімшілік статусының өзгеруі негіз болды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Даленовтің мәліметінше, ЖІӨ нақты өсімі 3,8% көлемінде қалды. Негізгі салалардың өсім қарқыны бұрынғы деңгейде.

«Мұнайдың әлемдік бағасының және экономиканың өсімін ескеретін болсақ, экспорт 56,5 миллиард долларға дейін көтеріледі, импорт 33,2 миллиард долларға дейін (шамамен 1 миллиард долларовға аз) төмендейді. Инфляция бекітілген диапазонда болады деп күтілуде», - деп мәлімдеді Даленов Мәжілісте.

Айтуынша, кіріс көлемі де бекітілген жоспарға сай болады.

«Шымкент статусының өзгеруіне байланысты 2018 жылдың бюджетінде Түркістан облысы бюджетінен трансферттердің түсімі қарастырылған, сомасы 15 миллиард теңге, ол Шымкент бюджетіне аударылады», - деді Даленов.

Болжамға сәйкес, республикалық бюджеттің шығыны шамамен 9 триллион 656 миллиард теңгеден тағы 12,6 миллиард теңгеге ұлғаяды.

Хабар 24 телеарнасы