360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан-Қытай арасындағы сауда айналымы артып келеді

  • 168
Қазақстан-Қытай арасындағы сауда айналымы артып келеді

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына экспорты жыл сайын арттырып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, биыл алты айдың ішінде екі ел арасындағы айналыммен оны өңдеу көрсеткіші 237,4 миллион долларды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 24,8 процентке артық. Еліміздің Ұлттық экономика вице-министрі Әсет Ерғалиев Бейжіңде Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығы кіші комитетінің отырысында бұл көрсеткішті еселеуге мүмкіндік мол екенін айтты. Әсіресе, ол ұн, ет өнімдерін Қазақстаннан Қытайға көптеп шығаруға назар аудару керектігін айтты. Ресми Астана мен Бейжің 2020 жылға қарай өзара тауар айналымын 20 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл межені еңсеріп, сауда-саттықты белсенді жүргізу үшін Жол картасын жасау ұсынылды.

Әсет Ирғалиев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

– Жол картасы қазақстандық тауарларды Қытай нарығына шығаруға кедергі келтіретін сұрақтарды құжат аясында тездетіп шешуге ықпал ететін болады. Біз болашақта отандық тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қытайлық нарыққа бұдан да белсенді түрде шығады деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы